Республиканың тек солтүстігі мен шығысында әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын сақталады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
03:20, 13 Желтоқсан 2022
13 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 желтоқсан Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.