13 жыл ес-түссіз жатқан Қытай тұрғыны оянды

МӘСКЕУ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Бейжіңде 13 жыл бойы ес-түссіз терең ұйқфыға кеткен ер адам оянды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл 51 жасқа толған оны осы жылдарда әйелі бағып-күткен. Есі кіргенде алдымен әйелінің есімін атап шақырыпты.