Атап айтқанда, «Гранитогорск» бекетінің шекарашылары әуелі 11 бас жылқыны жетектеп, Қасқасу сайының ішімен келе жатқан салт аттыны байқайды. Бағыты осы маңайдағы Қызылсай ауылы секілді. Шекарашылар мал айдап бара жатқан азаматқа қарай бұрылғанда ол жылқыларын тастай салып, көршілес елдің аумағына қаша жөнелген.
Шекарашылар бұл маңайда тағы да қосымша жылқылардың болуы мүмкін деген болжаммен осы сайды да шолып өтіп, болжамдары дұрыс шықты. Қосымша шолу барысында аталған сай ішінен тағы да екі жылқы табылды.
Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес құқық қорғау органдары хабарландырылды. Жылқылар «Меркі» комендатурасына өткізілді.