130 мемлекеттің өкілдері құжатқа қол қою үшін ұйымдастырылған шараның алғашқы күнінде қол қояды. Олардың арасында 60 мемлекеттің немесе үкіметтің басшылары бар.
Климат жөніндегі келісім 2015 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның климатты өзгерту мәселелері бойынша Шеңберлік конвенциясына қатысушы елдердің 21-ші конференциясында қабылданды. Ол төменкөміртекті және экологиялық тұрақты болашаққа бастауы тиіс. Құжатта жаһандық температураның көтерілуін Цельсий бойынша 1,5 градус деңгейінде ұстап тұру көзделеді.
Париждің климат жөніндегі келісімі оны кем дегенде 55 ел бекіткеннен кейін отыз күн ішінде күшіне енеді.
Фото: Сергей Гунеев