Министрліктің мәліметінше, қазір Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында 13 табиғи өрт пен жану ошағы бақылауда.
Өртті сөндіру жұмыстары таулы және далалы жерлердің қолжетімсіздігі, күрделі жер бедері, жоғары ауа температурасы мен қатты желге байланысты қиындап отыр.
— Өртпен күреске 1300-ге жуық адам мен 240-тан астам техника жұмылдырылған. Мамандар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, аумақтарды дрондар мен «Қазавиақұтқару» әуе кемелері арқылы әуеден бақылап жатыр. Негізгі мақсат — өрттің елді мекендерге, тұрғын үйлерге, шаруашылық нысандары мен ауыл шаруашылығы алқаптарына таралуына жол бермеу. Жағдай ТЖМ бақылауында, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қарағанды облысында дала өртінен екі адам күйіп қалғанын жаздық.