132 мың 800 мыңға жуық азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұр -Н. Тихонюк
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк осылай мәлім етті.
«Жалпы, қазіргі күні бізде тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаждардың саны 132 мың 800 адамды құрап отыр. Оның ішінде 81 мың адам - мемлекеттік қызметкерлер және әлеуметтік қорғалатын азаматтар, 50 195-і - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскерилер және басқа да тұлғалар», - деді Н.Тихонюк.
Сонымен бірге, Агенттік өкілі алдағы жылдары Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша белсенді жұмыстар атқарылатынын атап өтті. «Биылдың өзінде осы жүйе бойынша азаматтар баспанаға ие бола бастайды. Жалпы, Парламенттегі бюджет жобасында осы жүйеге қатысты 20 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді Н. Тихонюк