51 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Нұрлан Ғайсанұлы ИТЕМГЕНОВ дүниеге келген.
Ол Қостанай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, дәрігер стоматолог мамандығымен (1992); Рудный мемлекеттік индустриалдық институтын экономист-менеджер мамандығымен (2004) бітірген.
Еңбек жолы: Рудный емдеу-профилактикалық бөлімінің дәрігер-стоматологы (1992-1997); Рудныйдағы «Рассвет» профилакториясының бас дәрігері (1998-1999); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ емдеу-сауықтыру орталығының директоры (1999-2001); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президентінің міндетін атқарушы (2001-2002); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президенті (2002-2004); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004-2007); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы директорының орынбасары (2007-2010); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығының директоры (2010-2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының көмекшісі (06.2012-07.2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі кадрлар басқармасының бастығы (2012-2014);
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ әкімшілік-кадрлық басқармасының бастығы, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС әкімшілік-кадрлық басқармасының бастығы (2014-2016); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы директорының орынбасары (2016-2017); ҚР әділет министрінің кеңесшісі (03.2017-08.2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.