14 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 14 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
74 жыл бұрын (1952) «Мұнайшы — Геологтердың Қазақстандық Қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің президенті, «Timal Consulting Group» ЖШС директоры Мәнсия Нұрғалиқызы БАБАШЕВА дүниеге келді.
Гурьев облысы, Ембі ауданы, Қосшағыл кентінде туған. 1976 жылы Грозный мұнай институтын бітірді.
Еңбек жолы: 1969-1971 жылдары Гурьев ірілендірілген аумақтық мұнай барлау экспедициясының (ГІАМБЭ), «Батыс Қазақстан геологиялық басқармасы» бірлестігінің құрылымдық-іздестіру далалық партиясында техник-лаборант ретінде жұмыс істеді. 1986 жылы ҚазҒЗГБИ мұнай қорларын есептеу зертханасының меңгерушісі болып қызмет етті. 2000-2006 жылдары «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ-ғы жаңа бағыт — резервуарлардың мұнайкәсіпшілік геологиясы департаментінің директоры, 2006-2016 жылдары «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС Геология және игеру жөніндегі Бас директорының орынбасары болды. 2016 жылдан бері — «Timal Consulting Group» ЖШС директоры.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2011).
49 жыл бұрын (1977) Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Самал Оспанқызы АЙТҚАЗИНА дүниеге келді.
Павлодар облысы, Май ауданы Май ауылында туған. Павлодар педагогикалық институтын орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (1995) мамандығы, Павлодар педагогикалық университетін (2000), Инновациялық Еуразия университетін (2015), Инновациялық Еуразия университетін менеджмент мамандығы бойынша бітірген (2018).
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары Май орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1996-2000 жылдары № 37 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2000-2003 жылдары Павлодар қаласы № 8 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі, 2003-2004 жылдары Павлодар қаласы № 8 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2011 жылдары Павлодар қаласы № 8 мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орыбасары, 2011-2015 жылдары Павлодар қаласы № 25 орта мектеп директоры, 2015-2018 жылдары Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің директоры, 2018-2022 жылдары Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы, 2022-2025 жылдары Павлодар облысы білім басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
2025 жылдың тамызынан бері қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1982) «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Жанкісіұлы САРТАЕВ дүниеге келді.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «МВА стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Қаржы саласындағы кәсіби жолын «Казкоммерцбанк» АҚ іргесінен бастап, 2004-2009 жылдары Шағын бизнес бөлімінің бірінші санаттағы менеджері, Павлодар филиалы фронт-офисінің шағын және орта бизнес бөлімінің басшысы, Алматы филиалының фронт-офисі шағын бизнес басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Ойл-Стар» ЖШС сараптау бөлімінің қаржы сарапшысы, басшысы. 2010-2012 жылдары «Темірбанк» АҚ Бас офисінің несиелік тәуекелдер басқармасының басшысы, Өскемен қ. филиалының директоры, проблемалық несиелермен жұмыс департаментінің директоры, 2012-2014 жылдары «KCell» АҚ Шымкент қаласындағы филиалдың аймақтық басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Ernst and Young Consulting Services» ЖШС бизнес тиімділігін арттыру бөлімінде бизнес-консалтинг бөлімінің менеджері, 2015-2016 жылдары «KCell» АҚ Сату және қызмет көрсету департаментінің Алматы облыстық кеңсесінде менеджер, 2016-2018 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып қызмет атқарды.
89 жыл бұрын (1937-2022) Кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері Андрей Георгиевич БРАУН дүниеге келді.
1965 жылы С. М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Солтүстік Қазақстанның сүтті малының өнімділік қасиеттері мен биологиялық сипаттамасы» (1994).
Еңбек жолы: 1958-1961 жылдары Купчановкадағы қосалқы шаруашылықта мал маманы, 1961-1967 жылдары Целиноград облысы Макин ауданындағы «Капитоновский» кеңшарының мал маманы, бас мал маманы, 1967-1973 жылдары «Сочинский» кеңшарының, Целиноград облысы Атбасар ауданы Карл Маркс кеңшарының директоры, 1973-1982 жылдары Қазақстан Компартиясы Краснознаменск аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1982-1986 жылдары Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, агроөнеркәсіп бірлестігі агроөнеркәсіптік кеңесінің төрағасы, 1986-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы, 1990-1992 жылдары Целиноград облыстық кеңесінің төрағасы, 1992-1997 жылдары Ақмола облысы әкімшілігінің басшысы, әкімі, 1997 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
83 жыл бұрын (1943-2018) сәулетші, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Бимашұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ политехникалық институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1965-1968 жылдары «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі болып қызмет істеген. 1968-1982 жылдары «Алматыгипрогор» институты сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының бас сәулетшісі, 1982-1987 жылдары Қазақстан Көркемсурет қорының бас суретшісі болып қызмет атқарған. Қазақстан Дизайнерлер одағын басқарған. Қазақстан Дизайнерлер одағынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымына депутат болып сайланған.
«Парасат» орденімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарімен марапатталған.