14 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 14 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: ҚазАқпарат

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Қажы-ғали Сақұлы ИМАНЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​жоғары мектебін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1996 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің анықтаушысы, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті Мемлекеттік қылмыстық іздестіру департаменті бопсалаумен күрес бөлімінің анықтаушысы, 1997-2000 жылдары Алматы қаласы ІІБ Криминалдық полиция қызметі жанындағы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысы, Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция қызметі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандары бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары, 2001-2002 жылдары Алматы облысы ІІД 6-басқармасының қылмыстық терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес бөлімінің тергеушісі, Алматы облысы ІІБ Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Алматы облысы ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аға анықтаушысы, аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы, 2004-2006 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаменті Іле аудандық ішкі істер басқармасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, 2006-2008 жылдары Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 2008-2011 жылдары Астана қаласы ІІД Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, 2011-2012 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, 2012-2016 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары, бастығы, 2016-2017 жылдары Астана қаласы «Алматы» аудандық ішкі істер департаменті ішкі істер басқармасының бастығы, 2018-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі бизнесін бақылау департаментінің «А» дирекциясын қолдау және жедел-ақпараттық қамтамасыз ету бойынша «А» ұйымы бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі бас тергеушісі, ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті Кинологиялық қызмет басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті Ведомствоаралық үйлестіру және профилактика басқармасының бастығы, 2020-2022 жылдары Алматы қаласы бойынша Қылмыстық іздестіру департаменті бастығының орынбасары болды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

Фото: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

50 жыл бұрын (1974) Петропавл қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркін Ескендірұлы ЕЛЕУСІЗОВ дүниеге келді .

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылында туған.

Еңбек жолы: 1996 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Пресновский аудандық экология және биоресурстар бөлімінің бас маманы, «Казстройсистема» ЖШС техникалық қадағалау тобының өндірістік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

Фото: pkzsk.info

47 жыл бұрын (1977) Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы МАЙЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2009-2012 жылдары аудан прокуратурасының прокуроры, Жамбыл, Қордай аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокуратурасының Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, 2012-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2019-2020 жылдары Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығы департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

2-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

42 жыл бұрын (1982) «Халық Лизинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма мүшесі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Жанкісеұлы САРТАЕВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «МВА стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2009 жылдары Шағын кәсіпкерлік басқармасының бірінші санатты менеджері, Павлодар филиалы фронт-офисі шағын және орта бизнес бөлімінің бастығы, «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалы фронт-офисі шағын кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары қаржылық талдаушы, «Ойл-Стар» ЖШС талдау бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Бас кеңсенің несиелік тәуекел бөлімінің бастығы, Өскемен қаласындағы филиалының директоры, «Темірбанк» АҚ проблемалық несиелермен жұмыс департаментінің директоры, 2012-2014 жылдары «KCell» АҚ Шымкент қаласындағы филиалдың аймақтық басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Ernst and Young Consulting Services» ЖШС бизнес тиімділігін арттыру бөлімінде бизнес-консалтинг бөлімінің менеджері, 2015-2016 жылдары «KCell» АҚ Сату және қызмет көрсету департаментінің Алматы облыстық кеңсесінде менеджер (2015-2016); Басқарушы директор – «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (2016-2018).

Қызметінде 2018 жылдың шілдесінен бері.

Фото: halykls.kz

80 жыл бұрын (1943-2018) сәулетші, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Бимашұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ политехникалық институтын бітірген.

«Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі болып қызмет істеген.

1968-1982 жылдары - «Алматыгипрогор» институты сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының бас сәулетшісі.

1982-1987 жылдары - Қазақстан Көркемсурет қорының бас суретшісі.

Қазіргі қызметінде 1987 жылдан бастап істейді. Қазақстан Дизайнерлер одағынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымына депутат болып сайланған.

«Парасат» орденімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарімен марапатталған.

Фото: facebook.com/Тимур Сулейменов