14 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 14 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1943-2018) сәулетші, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Бимашұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ политехникалық институтын бітірген.

«Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі болып қызмет істеген.

1968-1982 жылдары - «Алматыгипрогор» институты сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының бас сәулетшісі.

1982-1987 жылдары - Қазақстан Көркемсурет қорының бас суретшісі.

Қазіргі қызметінде 1987 жылдан бастап істейді. Қазақстан Дизайнерлер одағынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымына депутат болып сайланған.

«Парасат» орденімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарімен марапатталған.