Құжатта айтылғандай, Қытай өз тарапынан ЕО азаматтары үшін шекараны ашуға дайын екенін растаса, тізімге 15-ші ел боп қосыла алады.
«Қоғамдастық елдері 1 шілдеден бастап мына мемлекеттер үшін сыртқы шекаралар арқылы кіріп-шығуға қойылған шектеулерді алуы тиіс: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Қытай өз тарапынан қарсы емес екенін растауы керек», - делінген мәлімдемеде.
Дегенмен, ЕО елдері аталған мемлекеттермен шекараны бір мезгілде және дереу ашуға міндетті емес.
«Бұл тізім заң жүзінде міндеттелген құжат болып табылмайды», - делінген онда.