14 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР аумағының басым бөлігіне әлі де Арктикалық антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз сақталады. Түркістан облысында 25 градус қатты аяз сақталады.