Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғак болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түнде Алматы облысының кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.ү
Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды областарының кей жерлерде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.