54 жыл бұрын (1964) Қызылорда облысының прокуроры ДӘУЕШОВ Халидулла Зиноллаұлы дүниеге келді.
Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бұрынғы Гурьев облысы Гурьев қалалық прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 - Атырау қаласы прокурорының көмекшісі. 1994-1999 - Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1999-2002 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша департаментінің аға прокуроры, Арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры. 2002-2012 - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой және Мақат ауданының және Атырау қаласының прокуроры. 2012-2016 - Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың маусымынан.
35 жыл бұрын (1983) Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі ОМАРБЕКОВ Бауыржан Бақытұлы дүниге келді.
Қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы бөлшек бизнесін дамыту секторының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары аралығында «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы № 814 операциялық бөлімінің тұтыну несиелерін сату бөлімінің менеджері, «Банк Туран Алем» АҚ ОҚФ несие желісі секторының меңгерушісі, «Альянс Банк» АҚ директорының бөлшек бизнесі бойынша орынбасары, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. Ал 2015-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдың шілдесінен қазіргі қызметінде.