14 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 14 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

76 жыл бұрын (1947) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Сүлейменұлы ҚАРАБАЛИН дүниеге келді.

Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 1973-1974 жылдары «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологі, 1974-1981 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі, 1981-1988 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 1988-1990 жылдары «Каспий маңы геология» бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының басшысы, 1990-1991 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі, 1991-1992 жылдары ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті, 1992-1994 жылдары ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының басшысы, 1994-1997 жылдары ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болды. 1997-2000 жылдары «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті, 2000-2001 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті, 2001-2003 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, 2003-2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті, 2008-2013 жылдары «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директоры, 2013-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрі, 2014-2016 жылдары ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары, 2016 жылдан «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

ІІІ дәрежелі «Барыс» (2005), «Құрмет» (2000), «Лидер российской экономики» (2005) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) мерейтой медальдарымен; «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» (2007) медалімен; «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» (1988) төсбелгісімен марапатталған.

«Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы» (2003) атағын; «Kazenergy» Еуразия энергетикалық форумында «Жыл адамы» атағын, «Алтын Прометей» сыйлығын (2009) алған; «Қазақстанның Еңбек Ері» (2011).

59 жыл бұрын (1964) жазушы, драматург Роза МҰҚАНОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.

Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде, Қазақстан Жазушылар одағының Аударма алқасының аға редакторы, ҚР Ақпарат министрлігінің жауапты қызметкері болған.

«Жарық дүние», «Қыз жылаған», «Дүние кезек», «Құдірет-Кие», «Мәңгілік бала бейне» әңгімелері мен драмалық шығармалардың авторы. 2001 жылы Рабғұзидің «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне тәржімалаған. 1996 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде жазылған драмалық қойылымы сахналанды. 2001 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.

Қазақстан Жастар сыйлығының, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының иегері.

49 жыл бұрын (1974) Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры Арман Талғатұлы ҚАЛИБЕКОВ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары Тасқала ауданы отбасылық дәрігерлік амбулаториясында дәрігер-рентгенолог, 2002-2009 жылдары БҚО консультативтік-диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі болып еңбек етті. 2009-2011 жылдары БҚО консультативтік-диагностикалық орталығының директоры, 2011-2015 жылдары облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры, 2015-2016 жылдары №4 қалалық емхана директоры болды. 2016-2020 жылдары БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарды. 2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарды, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

36 жыл бұрын (1987) ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Индира Садырбекқызы РЫСТИНА дүниеге келді.
Еңбек жолы: 2011-2018 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді, 2018-2020 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі, 2020-2021 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі және Саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2021-2022 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы болды. 2022 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары атанды.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

75 жыл бұрын (1948) «Аllur компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Юрий Андреевич ЦХАЙ дүниеге келді.

1972 жылы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтын «Дене шынықтыру және спорт» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1968 жылы «Локомотив» қоғамының Шу аудандық кеңесінің жаттықтырушысы, 1968-1980 жылдары орта мектеп мұғалімі, Шу қаласындағы БЖСМ директорының орынбасары, Жамбыл облысы боксшылар командасының аға жаттықтырушысы болып еңбек етті. 1980-1989 жылдары ҚазКСР, Кеңес Одағы құрама командаларының бокстан жаттықтырушысы, 1989-1991 жылдары Оңтүстік Корея құрамасының бокстан жаттықтырушысы, 1991-2007 жылдары «Достар» компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2004-2007 жылдары «Каспий инвестициялық холдингі» АҚ президенті, директорлар кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы (қазіргі «Caspian Group» АҚ) болды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі екінші шақырылым депутаттығына үміткер, 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
«Құрмет», «Достық» ордендерімен марапатталған.