14 қазанда Ақтөбе, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 қазанда Ақтөбе, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.