14 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні республиканың көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республика орталығының кей жерлерінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде Алматы облысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.