14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
03:40, 14 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың кей аумақтарында жел күшеюі мүмкін, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман болжанады.
Сондай-ақ түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік сақталады.