14 мамыр күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 14 мамыр күні елордада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Сағадат Нұрмағамбетов: тумысы бөлек тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

15.00-де Құланшы замануи өнер орталығында Қазақ Ұлттық өнер университеті көркемсурет факультетінің оқытушылары мен студенттерінің және колледж білім алушылары қазақтың халық суретшісі Қаз.ССР Ә. Қастеевтің 120 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылады.