Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста қатты ыстық болады деп күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Батыс Қазақстанда шаңды дауыл тұрады.
Болжам бойынша, Маңғыстау облысында және Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында аптап ыстықтар сақталады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктер ішінде оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың және шығыстың тау маңындағы басым өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Бұқтырма, Күршім, Тұрғысын өзендерінде және олардың ағысында су көлемінің артуы сақталады, су басу қаупі туындауы ықтимал. Еліміздің басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды деп күтілуде.