£14 млн. ұтып алған су құбырының маманы 2 күннен кейін жұмысына қайта кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 52 жастағы су құбырын жөндеуші маман Джон Доэрти аяқ астынан байлыққа кенелді. Ер адам сатып алған лотерея билетінен 14 миллион фунт стерлинг ұтып алған.

Бір қызығы, қуанышты оқиғадан кейін екі күннен соң Джон жұмысына оралып, санитарлық техникаларды жөндеуге кірісіп кетті, деп жазады mirfactov.com.

Шотландиядағы Элдерсли қаласының тұрғыны, екі баланың әкесі өткен  сейсенбіде лотереядан £14,671,343 ұтып, ал екі күннен соң қара комбинезонын киіп, жұмыс көлігімен шақыртуларға аттанып кетті.