Бір көліктің бағасына татитын бұл сусынның ерекшелігі неде?
Бұл атақты Голливуд актрисасы Грейс Джоунстың құрметіне аталған болып шықты. Ал қымбаттылығы, оның құрамына қатысты болып отыр.
Мұнда өте сирек кездесетін жүзімнен жасалған шарап бар және осыдан 25 жыл бұрынғы жүзім сусыны бар. «Гиги» мейрамханасының директоры өз сүйетін актрисаға бұрыннан не сыйларын білмей жүрген. Енді міне, арманы орындалды. Талантты актрисаға арналған коктейль әзірленді. Мамандардың айтуынша, аталған сусынның бір бокалының өзі кішігірім арзан көліктің бағасына пара-пар.