14 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы, сонымен бірге нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қаралады.
10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.
11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.
Онлайн баспасөз-конференциясының сілтемелері: «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауыл аумақтарын дамытудың тұжырымдамасы және жергілікті өзін-өзі басқару» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – Ел ұлықтаған Ұлы күн» атты дөңгелек үстел (ғылыми семинар) отырысы ұйымдастырылады.
19.00-де Astana Opera театрында «Махаббат сусыны» операсы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Қарыз бен Қаспақ» комедиясы сахналанады.