14 орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды деген ақпарат жалған – Абай облысы әкімдігі
21:46, 09 Маусым 2023
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен 14 орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады. Абай облысы әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат.
ҚР ТЖМ растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер ғана табылды.