10.00-де Astana Hub-та «GOWEB - 2023» web-хакатонының финалы өтеді. Онда 12 мен 17 жас аралығындағы жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер таланты мен қабілетін көрсетеді.
10.00-де «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы» (GCIP) жобасын іске қосады.
10.30-да Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Дүниежүзілік үстел теннисі күніне орайластырылған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ПЖО кубогы бойынша үстел теннисінен турнир өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық музейі мен «Асық ату» федерациясының ұйымдастыруымен 5-6 сынып мектеп оқушылары арасында Асық атудан V ашық турнир өтеді.
12.00-де Үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы мен Olimpbet букмекерлік компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
15.30-да заң ғылымдарының докторы, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Жария құқық департаментінің Assosiate professor Роман Мельниктің «Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығы» оқулығының тұсаукесері өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Елордалық «ADYR-ASPAN» суретшілер тобының көрмесі ашылады.
16.00-де №59 мектеп-лицейде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Есіл» ауданының тұрғындарына есеп береді. Фейсбук желісінде тікелей трансляция жүреді: https://www.facebook.com/esilakimat
19.00-де Astana Opera театрында «Жизель» екі бөлімді балеті көрсетіледі.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кешкі 7» спектакль-концерті көрсетіледі.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Сол бір кез» ретро концерті өтеді.