Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, кей уақытта 30 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал, күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.