14 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Кәсіптік біліктілік жүйесін дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы; ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалық офисінің басшысы Ерасыл Темірбекұлы Жұманбаев.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
16.00-де Арбат алаңында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» мекемесі, «Жастар Рухы» жастар қанаты бірлесе отырып жұмыс іздеп жүрген жастар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
18.00-де Индонезия мәдени орталығында (Сарайшық, 14) Индонезияның жазғы фестивалі мен шағын көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында А.Н.Островскийдің «Жылы орын» әлеуметтік комедиясы қойылады.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Astana Ballet Gala: Сахнада 10 жыл» мерейтойлық концерті өтеді.