Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген (1981), тау-кен инженері, бұрғышы. Техника ғылымдарының кандидаты.
1975 жылдан Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында дизельші, моторшы, 1981 жылдан «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, бұрғылау жөнінде аға инженер, бұрғылау учаскесінің бастығы, бас технолог болды. 1988 жылдан «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ Каспий маңы МБЭ бас инженері, «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасының бастығы. 1993 жылдан «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ Атырау филиалының директоры, 1996 жылдан вице-президенті, 1997 жылдан президенті қызметін атқарды. 1998 жылдан «ОКІОС» компаниясының әкімші менеджері, 2001 жылдан «Agip КСО» компаниясының жаңа жобалар женіндегі менеджері, 2002 жылдан «Аgір КСО» компаниясының аймақтағы жобалар жөніндегі директоры, 2003 жылдан «Agip КСО» компаниясының ҚР-дағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры болды. 2005 жылдан «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас директорының бірінші орынбасары, 2006 жылдан «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директоры, 2007-2009 ж.ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ вице-президенті, 2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директоры (2011-2012), «KazEnergy» ЗТБ төрағасының кеңесшісі (2013), «PSA» ЖШС бас директоры (2013-2017), Қазақстан-Британ техникалық университетінің президенті (2017-2021) болды. Қазіргі қызметін 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» (1997), «Парасат» (2010) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасының жер қойнауын Құрметті барлаушы.
Қызылорда қаласында туған. Қызылорда политехникалық институтын «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1998 ж. - «Казагропромбанк» АҚ Ақтөбе қалалық филиалының клиенттерге қызмет көрсету маманы; 1999 ж. - «Бейбарс» ЖШС есепші; 1999 ж. - Қызылорда әкімі аппаратының қалалық экономика бөлімінің маманы; 2000 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау тобының жетекші маманы; 2001 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің жетекші маманы; 2002 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің бас маманы; 2003 ж. - «ECOTERA» ЖШС маманы; 2004 ж. - «DZET GROUP» ЖШС Тәуелсіз сараптама орталығының сарапшы-экономисті; 2005 ж. - Буындар аурулары институтының қаржы директоры; 2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-қаржы бөлімінің жетекші экономисті; 2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисті; 2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы; 2009 ж. - «Roberts healthcare Kazakhstan» ЖШС қаржы директоры ; 2016 ж. - Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы; 2020 ж. - Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары; 2021 ж. - Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы; 2022 жылдың маусым айынан бастап, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазір қызметіне кірісті.
Алматы қаласында туған. Қазақстан мемлекеттік заң академиясын тәмамдап (2000), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (2002) және Oxford Business School (2007) білім алған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі қорында кеңесші болып бастады. 2000 жылы «БанкТұранӘлем» ААҚ оқу орталығының маманы; 2000-2002 жылдары – «Intergas Central Asia» ЖАҚ материалдық-техникалық жабдықтау департаменті маркетинг бөлімінің бастығы; 2002 жылы – «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы; 2003 жылғы қаңтар-қазан айларында – «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖШС бас директорының экспорт жөніндегі бірінші орынбасары; 2003 жылғы қазаннан 2004 жылғы қыркүйекке дейін – «ҚазМұнайГаз» АҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары; 2004-2005 жылдары – «Меркурий» ЖШС-нің бас директоры; 28.04.2016-11.2016 - «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; «SAT & Company» АҚ (26.09.2018 аты өзгертілді) басқарма, директорлар кеңесінің төрағасы; «Fincraft Resources» Директорлар кеңесінің төрағасы; «Fincraft Resources» Директорлар кеңесінің мүшесі (25.08.2021 бастап).
Басқа да қызметтері: Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті (10.2004); Қазақстан Республикасы СӨП одағының вице-президенті (2005); «Kazakhstan Petrochemikal Industries Inc.» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2007-2009); Алматы қалалық Бокс федерациясының вице-президенті (02.2009-03.2011); Азия бокс конфедерациясының вице-президенті (04.2011 бастап); Net Element International жаһандық технология компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы (2012); «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2014-01.2015); «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (14.02.2014); ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту кеңесінің басшысы (12.2014 бастап); Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті (2018-2019).
Қазіргі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келе жатыр.