14 тамыз БЕЙСЕНБІ
Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Осыдан 63 жыл бұрын Үнді субқұрлығындағы мұсылмандар ұзаққа созылған, бірақ, бейбіт күрестің нәтижесінде өз мемлекеттігін құрып, тәуелсіздігіне қол жеткізген болатын. Каид-е-Азам Мұхаммад Әли Джин бастаған мұсылмандардың басты мақсаты Британияның құлдық езгісінен босану ғана емес, дербес, тәуелсіз мемлекет құру еді. Пәкістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстік, солтүстік-шығысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығысында Үндістанмен, батысында Иранмен, оңтүстігі Араб теңізімен шектеседі. Пәкістан Үндістанмен арада жатқан Джамму және Кашмир аумақтары үшін дауласуда. Астанасы - Исламабад қаласы. Ресми тілі - урду тілі, сонымен қатар пушту, синдхи, сараики, балох, ағылшын тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - пәкістандық рупий. Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды.
Португалдық корриданың туған күні. Жыл сайын Абиул қаласында ежелгі ұлттық дәстүр бойынша өтеді. 2014 жылы мамыр айында 35 жыл тоқтаусыз өткізіліп келген бұл дәстүрлі ойынға қайғылы оқиғадан кейін тыйым салынды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
10 6 жыл бұрын (1908) Ұлыбританияның Фолкстон қаласында бірінші халықаралық сұлулық конкурсы өтті.
2 2 жыл бұрын (1992) Грузия мен Абхазия арасындағы бір жылға созылған қарулы қақтығыстар басталды. Ресми деректер бойынша 17 мыңға жуық адам қаза тауып, 300 мыңға жуық адам Абхазия аумағын тастап шыққан.
1 1 жыл бұрын (2003) тамыздың 14-17 аралығында Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында Қазақстанның ұлттық көрмесі болып өтті. Ұлттық көрмеге Қазақстанның әр аумағынан келген 200-ге тарта фирмалар мен компаниялар қатысты.
9 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз елордасындағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты. Елбасы Қырғызстанда Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы Жарлыққа 1993 жылғы 9 қаңтарда қол қойған болатын. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Жарлыққа қол қойды.
7 жыл бұрын (2007) Қызылорда облысы Сырдария ауданы О.Мәлібаев атындағы ауылы мектебінің алдында қызмет атқару кезінде қаза болған, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевқа арналған ескерткіш орнатылды. Оның есімі ауылдың бір көшесіне берілді. Талғат Қозыбаев 1978 жылы дүниеге келген, 2003 жылы Тартоғай ауылының полиция учаскелік инспекторының қызметін атқарған. Қызметін атқару кезінде, бұзақылардан жас ауылдасын қорғап қаламын деп өзі қаза болды. Сол жылдың желтоқсан айында полиция лейтенанты Талғат Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
5 жыл бұрын (2009) Үндістанның Дж.Неру атындағы университетте қоғамдық, аналитикалық және студенттік ортаның және жергілікті БАҚ-тың қатысуымен «Заманауи Қазақстан: алға бағытталған жол» атты кітаптың тұсау кесу рәсімі болып өтті. Кітапта, Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық процесстері туралы Қазақстанның жетекші сараптамашыларының мақалалары және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі жақты қарым-қатынастар дамуы жарияланған. Бұл кітап 2009 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Н.Назарбаевтың Үндістанға жасаған мемлекеттік сапарына арналған.
ЕСІМДЕР
6 6 жыл бұрын (1948) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі САМОЙЛЕНКО Александр Павлович дүниеге келді. Алматы облысының Талғар қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1965 жылдан - Талғар аудандық «Звезда Алатау», облыстық «Огни Алатау» газеттерінде, «Простор» журналында, «Литературная газета» басылымының Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған. Көркем аударма саласында Қазақстан жазушыларының шығармаларын орыс тіліне тәржімалаған.
60 жыл бұрын (1954) «Тигрохауд» фирмасының бас директоры, кәсіпкер, меценат ЖАУЖҮРЕК Әділхан дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Ә.Жаужүректің демеушілігімен және жергілікті тұрғындардың жәрдемімен Шу ауданының Жиембет ауылында «Жексенбай Дүйсенбетұлы» мешітіп, салынып, 1931-1933 нәубет жылдарының, 1937-1938 және Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналып, қызыл гранитке есімдері жазылған мемориалдық құлпытас қойылды. Жиембет ауылындағы Бақтыбай атындағы спорт кешені салынып, «Қойшы баба» қорымының басына қорған тұрғызылып, құлпытас орнатылды. Шу өңірінде Қоқан хандығына қарсы шаруалар көтерілісіне басшылық жасаған Амангелді Серікбайұлы және Жаужүрек Қойшыұлы батырлардың күмбездері тұрғызылды. Ол атақты тарихшы-ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің Үндістанның Кашмир өңіріндегі зиратына барған арнайы Қазақстан делегациясына демеушілік жасады. Ә.Жаужүрек басқаратын «Тигрохауд» фирмасы тарапынан сахна жұлдыздарына, дарынды жас ғалымдарға, әдебиетшілер мен тарихшыларға демеушілік көмек көрсетіліп келеді. "Құрмет» орденімен марапатталған.
10 9 жыл бұрын (1905-1977) оториноларинголог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЕЛАНЦЕВ Борис Владимирович дүниеге келді. Томск қаласында туған. Томск мемлекеттік медицина университетін бітірген. 1940 жылдан Қазақ медицина институтында құлақ, мұрын, көмей аурулары кафедрасының доценті, меңгерушісі, кеңесшісі болды. 1960 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы. Негізгі ғылыми зерттеулері оториноларингология мәселелеріне арналған. Ол бірқатар арнайы емдеу құралдарын, ауыртпалық сезімін жоятын «Ринокаин» дәрісін жасап, дәрігерлік жұмыста пайдаланды.
6 1 жыл бұрын (1953) «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы БОБРОВ Владимир Яковлевич дүниеге келді. РКФСР Свердпов облысы Краснотурьинск қаласында туған. Павлодар индустриалдық институтының энергетика факультетін бітірген (1975), инженер-электрик. Техника ғылымдарының кандидаты (1985). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Апюминий тотығы өндірісінде электрді тұтыну режимдерін оңтайландыру». Доцент (1987). 2 кітаптың тең авторы, 46 мақала мен жарияланымның авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1975 жылдан - Павлодар индустриалдық институтының ассистенті , аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі . 1988 жылдан - «Средазэнергомонтаж» тресінің бас инженері, меңгерушісінің орынбасары. 1993 жылдан - «Қазэнергокабель» АҚ бас директоры. 2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Құрмет» орденімен (2004); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қаңтардан бері.
5 2 жыл бұрын (1962) ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы дүниеге келді. Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтының кен-механика факультетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономика факультетін бітірген. Көптеген мақалалардың авторы. 1985 жылдан - «Жезқазғантүстімет» ӨБ байыту фабрикасының слесары, шебері. 1987 жылдан комсомол органдарында жұмыс жасады. 1989 жылдан - Жезқазған облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1995 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 1999 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2008 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі.2007 жылдан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы ақпаннан бері. 4 2 жыл бұрын (1972) «ҚазТрансГаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары, "Бейнеу-Шымкент" магистарльді газ құбыры жобасының басшысы ТҮСІПБЕКОВ Олжас Тілеуғалиұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын (1994) «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша үздік; К. Байсейітова атындағы Семей қаржы экономикапық колледжін (1996) «Сапықтар және салық сапу» мамандығы бойынша үздік; ҚазМБА жанындағы Еуразиялық нарық институтын (1998) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан - «Семей Центр Банкі» АҚ бухгалтері, сарапшы экономисі. 1996 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Семей филиалының жетекші маманы. 1997 жылдан - ҚР ¥лттық банкінің банктік қадағалау басқармасының,банктік қадағалау департаментінің инспекциялау белімінің, активтер сапасын тексеру мен бағалау белімінің бас экономисі. 1998 жылдан -Қазақстан халық банкі» ААҚ төрағасының кемекшісі. 2000 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар министрінің кемекшісі. 2001 жыл дан «ҚазТрансОйл» МТ¥К» ЖАҚ президентінің кемекшісі. 2002 жылдан - «Мұнай мен газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бас директорыныңкөмекшісі. 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К» ЖАҚ бірінші вице-пре- зидентінің көмекшісі. 2004 жылдың қыркүйек айынан - «ҚазТрансГаз» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ маркетинг женіндегі бас директорының орынбасары. 2006 жылдан - «ҚазТрансГаз» АҚ марке- тингжөніндегі басқарушы директоры; «Интергаз Орталық Азия» АҚ маркетинг женіндегі бас директорының орынбасары. 2008 жылдан - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары,2010 жылдан бері - бас директорының бірінші орынбасары, «Бейнеу-Шымкент» МГ құрылысы» жобасының жетекшісі.
«КazEnergу» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдарының ассоциациясының ЗТБ (2010); «ҚазТрансГаз» АҚ құрылуына 10 жыл толуын мерекелеуге байланысты, «Ерен еңбегі үшін» (2010), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік кунін мерекелеуге байланысты, «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан құбыр жүргізуші тасымалдауына 70 жыл» (2005), «КагЕenergу» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешені ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ «ҚазТрансГаз» АҚ 10 жылдығына орай (2010) медальдарымен; «ҚазМұнайГаз» ¥К» АҚ құрылуының 5 жылдығына орай мұнайгаз саласындағы мінсіз жұмыс үшін ҚР ЭМРМ құрмет грамотасымен (2007), ҚР Мұнай және газ министрлігінің құрмет грамотасымен (2010), «ҚазТрансГаз» АҚ құрылуына 10 жыл толуын мерекелеуге байланысты; «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ грамотасымен марапатталған.
6 7 жыл бұрын (1947) америкалық жазушы, көптеген бестселлердің авторы Даниэла СТИЛ (толық аты-жөні - Даниэла Фернанда Доминика Шулейн-Стил) дүниеге келді.