«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Жамбыл, Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жаңбыр 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда, облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.