14 жасар қазақ қызы американдық БАҚ-қа Моңғолиядағы бүркітші дәстүрлері туралы айтып берді
Отто Белл Нью-Йоркте жұмыс жасайтын Ұлыбритания режиссері. Ол 15-ке тарта қысқа метражды фильмдер түсірді.
Айшолпан туралы фильм түсіруді ол 2014 жылғы сәуірде Интернетте орналастырылған оның фотосуретін көргеннен кейін ұйғарды.
Айшолпан Моңғолиядағы белгілі аңшы-қазақ Ағылайдың қызы, ол осы көне аңшылық дәстүрін меңгерген әлемдегі бірден-бір қыз болса керек.
Американдық «Park City Television» телевизиясының «Park City Television» таңертеңгілік шоуында Айшолпан өзінің аңшылық өнері туралы ықыласпен айтып берді, оның «Ақ қанат» деп аталатын өз бүркіті бар. Ағасы Армияға қызметке аттанғаннан кейін әкесі ежелгі көшпелілердің осынау ежелгі өнеріне қызын шындап үйрете бастады.
Әкесінің айтуынша, қызы осынау ежелгі кәсіпке өзі ден қоя бастаған. Сондықтан да ол қызының осы кәсіпті құштарлықпен үйренген тамаша қабілетіне тәнті болған.
Фильмде режиссер осынау нәзік жанның бүкіл дәстүрлі кедергілерді аттап өтіп, ерлермен қатар бүркітшілер фестивалінде сайысқа түсуге ниетін баяндайды.
Бүркіт қыран тұқымынан, халық оны қастерлеп, «алтын қыран» деп атайды, өйткені оның басы мен мойнында қоңыр-алтын қауырсыны бар.
Жыл сайын этникалық қазақтар Байөлке провинциясындағы Бүркітшілер қауымдастығы мен жергілікті қазақтар қоғамдастығы өткізетін бүркітшілер фестиваліне қатысады, оның барысында әркім өздері баптап өсіріп отырған құстарының өнерін, аңға шыққандағы ептілігі мен шапшаңдығын көрсетеді.
Байөлке провинциясы Алтай тауларының етегінде орналасқан, сондай-ақ бұл жер бағзы замандардан бері көшпелі қазақтардың туған өлкесі болып келеді. олар өздерінің тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауда.
Аңға құс салу тамақ табудың ғана қарекеті емес, сонымен қатар өнер және ойын-сауық түрі болып саналады. Қазақстанда да бұл өнер өте дамып келеді. 2010 жылы бүркітшілік ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдениетінің тізіміне енгізілді.
«Сандэнс» - тәуелсіз кино өнерінің халықаралық фестивалі. Ол АҚШ-тың Юта штатында Сити-Паркте жыл сайын қаңтардың соңына қарай өткізіліп келеді. Сандэнс киноинститутының негізін 1981 жылы Роберт Редфорд қалаған болатын. Алғашқы фестиваль 1985 жылы өткізілді, оған 86 картина қатысты.