«Диспетчер қызметіне 25 тамыз күні 12:30-да шамамен 11:45-те Алтынсарин көшесі, 131-үйдің 9-қабатынан 2004 жылы туған жасөспірім құлап түскені туралы хабар келіп түсті. Ол әпкесімен жанжалдасып, терезеден секіріп кеткен. Жасөспірім ауруханаға жатқызарда қайтыс болды», - дейді ТЖД өкілдері.
Баланың денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді.
Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Қостанайда 9-қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған 14 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы хабар таралған болатын. Жазатайым оқиғаны облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий растаған.