14 жасар қыз жүк пойызынан секіріп кетті
08:33, 02 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Подмосковьеде 14 жасар қыз жүк пойызының төбесіне шығып, қыдырып көрмек болған. Бірақ пойыз орнынан күрт қозғалған кезде қорыққанынан төменге секіріп кеткен.
Басы жарылған және өзге де дене мүшелері жарақаттанған қыз бала ауруханаға түсті. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу тағайындалды, деп хабарлайды ТАСС.