Оның сөзіне қарағанда, 14 жастағы Бекназар алты жыл бұрын жанұясымен бірге АҚШ-қа кеткен.
«Қазір ол 8 сыныпты бітірді. Вайоминг штаты Шеридан қаласындағы мектепте оқиды. GPA бойынша 100 ұпайдың 100-ін жиған ол АҚШ-тың үздік 10% оқушыларының қатарына енген», - деді Д. Сүймалиева.
Бекназар үздік оқығандығы үшін АҚШ президенті Барак Обаманың қолы қойылған грамотаға ие болды. Оқушы болашағын медицинамен байланыстыруды жоспарлап отыр.
Атап өтейік, АҚШ-та GPA (Grade Point Average) жүйесі бойынша оқу үлгерімінің орташа ұпайы есептеледі.