14 жастағы жеткіншек үндістердің мың жыл бұрынғы сүйектерін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юта штатының астанасы (АҚШ) Солт-Лейк-Сити қаласында 14 жасар жеткіншек күтпеген жерден 1000 жыл бұрын өмір сүрген үндістердің сүйегін тауып алды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Ютадағы Мұра және өнер департаментінің сарапшы мамандары зерттеу жүргізіп, табылған сүйек қалдықтары 1000 жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі екендігін анықтаған.

Қазіргі кезде антропологтар үндістердің сүйегін тексеріп, олардың жынысы мен мәдениетін зерттеуде.