деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімшілікке сілтеме жасап.
«№8 Н. Островский атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Мамырбеков Талдықорған қаласының ең жас құрметті азаматы болып танылды. 14 жасар жеткіншек биыл көктемде Қаратал өзеніне суға кеткен Бекарыс пен Бейбарысты құтқарып қалған болатын»,-деді қалалық әкімшілік өкілдері.
Мұндай бастаманы қала әкімі Ермек Алпысов көтеріпті. Ол соңғы қоңырау салтанатында ерлік қимыл көрсеткен оқушыға наградасын табыс етті.