14 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және АӨК-те инвестициялық жобаларды іске асыру қаралады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Низами Гянджеви» фотоальбомының тұсаукесері өтіп, осы атаумен фотокөрме ашылады. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы.

14.00-де https://e-forum.net/ қазақстандық платформасында G-Global Халықаралық Хатшылығы мен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «G – Global» халықаралық жобасының 10 жылдығын мерекелеуге арналған «G-Global - XXI ғасыр әлемі» II Халықаралық конгресін өткізеді.

12.00-де Италия Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы аясында «Италия Республикасының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауы» ресми салтанаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейі Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялары залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тасқопа сармат қорғанынан табылған сегізінші «Алтын адамның» ғылыми реконструкциясының тұсаукесері өтеді.

16.00-де М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының 20 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

16.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық форумы өтеді.