Чартерлік тасымалдаумен айналысатын авиакомпанияның ақпараты бойынша, рейстің кідіруі ықтимал техникалық себептерге байланысты болуы мүмкін.
Компанияның бас директоры Александр Белобородовтың айтуынша, әуе кемесін шығарушы оны құрастыруда қателіктерге жол берген. Енді компания өз есебінен жөндеп, сымдарын ауыстырып, басқа да тораптарын жөнге келтіруде.
Қазір компания жолаушыларды тасып жеткізетін ұшақты іздестіруде. Әзірге оларды қонақүйлерге орналастырып, тамақпен қамтамасыз еткен.