ФИФА 1376 жанкүйерге билеттерін ауыстыру қажеттігін ескертті, өйткені оларда көрсетілген орындар стадионның орналасуына сәйкес келмейді.
Бұл келеңсіздік аренадағы әрлеу жұмыстарымен байланысты емес. Түзету жасау телехабарлар тарату жабдықтарын орнату және БАҚ өкілдерін орналастыру қажеттігінен туындады.
Бұдан бұрын алдағы спорт додасына үш миллионға жуық билет сатылғаны хабарланған боатын, Билеттердің 60 пайызға жуығын Бразилия азаматтары сатып алды.