1403 байланыс орталығы бір аптада 12 мыңнан астам өтінім қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында 1403 байланыс орталығы республикалық жолдарға қатысты 12 мыңнан астам өтінімді өңдеді.

Фото: ҚазАвтоЖол

Апта ішінде жүргізушілер негізінен көлік бұзылған жағдайда эвакуациялау, ақылы жолдардағы төлем және басқа да өзекті мәселелер бойынша хабарласқан.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, азаматтарға жедел әрі қолайлы қызмет көрсету үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде 774 өтінім автоматты түрде өңделсе, операторлар 10 863 қоңырауға жауап берген.

Сонымен қатар мессенджерлер арқылы 1 009 өтінім қабылданған.

Ең көп өтінім Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан тіркелген. Барлық хабарламалар белгіленген регламентке сәйкес уақтылы орындалған.

Ұлттық компания жол пайдаланушыларына бірнеше байланыс арнасын ұсынады. Атап айтқанда, 1403 байланыс орталығы, ресми интернет-ресурс және мессенджерлер арқылы жүгінуге болады.

Айта кетейік, жүргізушілер республикалық жолдар бойынша ақпаратты тәулік бойы ала алады.

Бұған дейін жол бойында қызмет көрсететін 37 нысан ашылатыны хабарланды.