145 мың елордалық толық иммунизацияланды
«Бүгінде иммунизацияланды 210 мыңнан астам адам вакцинаның 1-компонентін алды. 145 мыңнан астам азамат толықтай иммунизацияланды. Қазргі уақытта қолымызда бірінші компоненттің 62 мыңнан астам, екінші компоненттің 48 мыңнан астам қалдық вакцинасы бар. Халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есе арттырдық. Олардың жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы 8:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды», - деді ол.
Басқарма басшысының дерігінше, бүгінгі таңда елордалықтарға вакцинаның 3 түрі бар, атап айтқанда, ресейлік Sputnik-V, отандық QazVac және қытайлық CoronaVac вакцинасы қолжетімді.
«Сондай-ақ, халықты вакцинациялаумен толықтай қамту үшін вакцинация пункттері 8 сауда-ойын-сауық орталықтарында, атап айттқанда Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия, Мечта дүкенінде ашылды. Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталығында барлығы 40 мыңға жуық астам адам вакцинацияланды»,- деді Тимур Мұратов.