15-16 ақпан күндері Францияның ірі және жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері Қазақстанға келеді

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАпарат - Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту бағытында

15-16 ақпан күндері елордаға Францияның ірі және жетекші компанияларының өкілдері мен басшылары сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте мәлім етті.

Оның мәліметтерінше, осы сапар барысында француздар тарапы қазақстан-француз іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізеді. Мұндағы мақсат - мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін таразылау. Сондай-ақ мемлекет өкілдері ең ірі деген бірлескен жобалардың жүзеге асырылу мәселесін талқыға салады. «Аталмыш шара мемлекеттер арасындағы 2011 жылы 19 қыркүйегінде қабылданған келісімдер негізінде жүзеге асқалы отыр. Бұл шара 2012 жылдың наурыз айында ұйымдастыру көзделіп отырған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық жұмыстарының алдында өткелі отыр. Осы сапар барысында француздар еліміздің бірқатар министрліктер мен ведомстволарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда», - деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, қазақстан-француз іскерлік кеңесінің аясында  француздардың ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуі жоспарланған.