15-16 маусым күндері Астана экономикалық форумы өтеді
19:31, 12 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 15-16 маусым аралығында Астана экономикалық форумы өтеді.
Іс-шара шеңберінде 20 панельдік сессия өткізіліп, онда «Жаңа энергия - Жаңа экономика» тақырыбы жан-жақты талқыланатын болады.
Форум аясында экономика саласындағы аты әлемге әйгілі сарапшылар мен ғалымдар, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесулер өтеді.
АЭФ-2017-дегі талқыланатын мәселелерге әлемдік жұртшылықтың назарын аудару үшін ұйымдастырушы ретінде «The Economist» халықаралық басылымы, «Бреттон-Вудс жаңарту комитеті» қоры, БҰҰ, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банкі, ЕҚДБ, SAP, беделді халықаралық агенттіктер мен компаниялар жұмылдырылды.