«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 366 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 90 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді министрліктен.