15 ақпан күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 ақпан күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Қазмедиа орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланады.

10.00-де Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы қызметі және 2024 жылға арналған дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу саласындағы негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де AIX және KASE қор биржаларында Air Astana авиакомпаниялары тобының GDR және акциялары сауда-саттығының ашылу рәсімі өтеді.

11.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде Обухов тау-кен байыту комбинатындағы жағдай туралы баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де «Astana Opera» театрында «Бақшасарай бұрқағы» балеті ұсынылады.