ЕСІМДЕР
Павлодар облысында туған. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылды. Ш. Айманов 1933 жылдың маусым айында театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында Грамофонов (К. Погодин «Менің досым»), Қодар, Алдар көсе (Ш. Құсайынов «Алдар Көсе»), Исатай (I. Жансүгіров «Исатай-Махамбет»), Кассио (У. Шекспир «Отелло») рөлдерін ойнады. Көп ұзамай Тихон, Великанов (А. Островский «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Шадрин (К. Погодин «Мылтықшы адам»), Кидд (Б. Лавренов «Америка дауысы»), Бретт (Дж. Гоу, А. Дюссон «Терең тамырлар»), Хлестаков (Н. Гоголь «Ревизор»), Казанцев (М. Әуезов «Түнгі сарын») сияқты классикалық рөлдерді сомдады. Бұл тұлғалар ұлттық сахнамыздың сүбелі табыстарына жатады. Оның актерлік болмысы тұлғалы, іргелі, көшелі кейіпкерлерді кескіндеуге бейім. Ол қазақ сахнасында романтикалық театр мектебін калыптастырды. Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло бейнелерін аса зор актерлік машықпен зерледі. «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», «Намыс соты» атты аударма пьесаларды сахнаға шығарып, режиссерлық жасады. 1947-1951 жылдары Қазақ драма театрының бас режиссері болды. «Абай әні», «Жамбыл» фильмдеріне түсу арқылы кино өнерінің де қыр-сырын меңгеріп, осы саладағы жемісті жолын бастады. 1953-1970 жылдары «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосты. 1953-1966 жылдары аралығында ол түсірген «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас баурайында» фильмдерінің бәрінен де ұлттық бояу сезіледі. Жұртты қыран-топан күлкіге батырған әндері, екінің бірінің аузынан түспейтін «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» фильмдеріндегі әзіл-күлкілі көріністер мен қисындардың да табиғаты ұлттық дәстүрлермен тамырласып жатыр. Көп ізденістің нәтижесінде Ш. Айманов қазақ кино өнерінде де романтикалық-патриоттық мектептің негізін қалады. Оның соңғы еңбегі «Атаманның ақыры» фильмі талантының шарықтау шоқтығы болды. Бұл фильм таза іріктелген актерлік құрамы, режиссерлік сапасы, техникалық орындалу деңгейі жағынан да әлемдік талапқа сай шыққан туынды еді. Ш. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1963 жылы Каир қаласындағы Азия мен Африка елдері Халықаралық және Мәскеу қаласында өткен үшінші халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасы мүшесі болды. Оның есімі Алматының бір көшесіне, «Қазақфильм» студиясына берілді. Ол тұрған үй мен студия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылып, мұражай кабинеті ұйымдастырылды.
«Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», т.б. ордендермен марапатталған.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Воронеж педагогикалық институтын бітірген. Ол XVIII-ХІХ ғасырларда Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және саяси даму проблемаларына, сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесіне, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихына үлкен назар аударған. Е. Бекмаханов 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген докторлық диссертациясын қорғайды. Кенесары Қасымұлының көтерілісіне «ұлт-азаттық қозғалыс» деген сипат бергені үшін «ұлтшыл» деп айып тағылып, 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылған. И. Сталиннің өлімінен кейін 1954 жылы ақталып шықты.
Алматы қаласында туған. Мәскеу химия машина жасау институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1979-1981 жылдары – Жаңа Жамбыл фосфор зауытында азот-оттегі цехының мастері, комсомол комитетінің хатшысы. 1981-1982 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің сектор меңгерушісі, Жамбыл қалалық комитетінің екінші хатшысы. 1984-1986 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК жауапты ұйымдастырушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1986-1988 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылғы наурыз-қыркүйек айларында – Қазақстан КП ОК консультанты. 1991-1992 жылдары – Қазақстан Социалистік партиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы. 1992-1995 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығында аға референт, сектор меңгерушісі, жетекшінің орынбасары. 1995-1996 жылдары – Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтар-сәуір айларында – ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрінің орынбасары. 1997 жылғы сәуір-желтоқсан айларында – ҚР Білім және мәдениет министрлігінің үйлестіру және бақылау департаментінің директоры. 1997-1998 жылдары – «Крау» бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 1998-2002 жылдары – ҚР Парламенті ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2002-2004 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2004-2005 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, жұртшылықпен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 2006-2013 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты. 2016-2021 ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.
2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.
Алматы қаласында туған. МИФИ бітірген соң Ядролық физика институтына жұмысқа қабылданды. Онда еңбек жолын инженерден бастап жетекші ғылыми қызметкер (1984-1994 жылдар) лауазымына дейін жұмыс істеді. Э. Батырбеков – Қазақстанда да, шетелде де танымал физик. Ол ішкі реакторлық эксперимент және оптикалық сәуле шығаруда ядролық энергияны түрлендіру саласында мойындалған маман. Семей полигоны конверсиясы бойынша сарапшы. Оның ядролық энергетика бойынша 100–ден аса мақаласы ғылыми басылымдарда жарияланған, өзінің 7 өнертабысы бар. 2016 жылдың қыркүйек айында физика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алған. 2010 жылы Қазақстан Ұлттық табиғи ғылым академиясының академигі болып сайланды. 2012 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының тілші-мүшесі, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Үлбі металургиялық зауыты» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, ҚР ҰЯО Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы, «Вестник НЯЦ РК», «Человек. Энергия. Атом» журналдарының бас редакторы, Азиядағы ядролық бірлестік форумының Қазақстан Республикасы атынан үйлестіруші.
Қазіргі қызметінде – 2013 жылдың қаңтар айынан бастап.
2017 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Шымкент қаласында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заңгер. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
Еңбек жолы: 1985-1988 жылдары – Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1988-1991 жылдары – ОҚО прокуратурасы, бөлім бастығының орынбасары, тергеу басқармасының прокуроры.1991-1993 жылдары – Арыс ауданаралық прокуратурасының прокуроры. 1993-1995 жылдары – ҚР Бас прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқарма бастығы. 1995-1997 жылдары – ҚР ІІМ Мемлекеттік тергеу басқармасы бастығының орынбасары, жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Мемлекеттік тергеу департаментінің бастығы. 1997-2000 жылдары – ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы. 2000-2002 жылдары – ҚР Парламенті Заң шығармашылығы және мониторинг орталығының директоры. 2002-2004 жылдары – ҚР Парламенті Мәжіліс аппараты заңнама бөлімінің меңгерушісі. 2004-2006 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары. 2006-2008 жылдары – ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының кеңесшісі. 2008-2017 жылдары – «KEGOC» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры. 2017-2018 жылдары – «KEGOC» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры. 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қазан айынан бері.
Алматы педагогикалық шет тілдері институтын бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары – ҚР СІМ референті, ҚР Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, ҚР СІМ бірінші хатшы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президентінің хаттама консультанты, ҚР Премьер-Министрінің хаттама қызметінің жетекшісі – хатшылық меңгерушісінің орынбасары, ҚР-ның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің директоры. 2006-2008 жылдары – АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры. 2008-2009 жылдары – ҚР-ның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі. 2009-2012 жылдары – ЕҚЫҰ Минск қаласындағы кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2012-2013 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары. 2013-2018 жылдары – ыТүркПА бас хатшысы. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Жамбыл қаласында дүниеге келген, заңгер. 1996 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, халықаралық заңгер біліктілігі берілді.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады. 1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі, бас кеңесшісі болып істеді. 1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқарма бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры лауазымында болды. 2013-2019 жылдары – ҚР Әділет министрінің орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012) мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Маңғыстау облысында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (2006).
Еңбек жолы: «Ынтымақ ҚФ» ЖШС қызметкері (2005); Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарында прокурордың көмекшісі, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі (2007-2011); «АзияТехноСервис» ЖШС бөлім бастығы (2011-2012); «Ақтау тұрғын үй» мамандандырылған уәкілетті ұйымы» ЖШС заңгері (2012); Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі (2012-2014); Қарақия ауданы әкімінің кеңесшісі, дербес басқарма бөлімінің басшысы (2014); Ақтау қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы (2014-2015); Ақтау қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы (2015-2018); «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (МКК) жетекші заң кеңесшісі (2018-2019).
Қазіргі қызметінде – 2019 жылғы қыркүйектен бастап.