«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы метеоболжау бөлімінің бастығы Әсия Қыдырбаеваның сөзінше, Шымкент пен Түркістан облысында қазір ауа температурасы 13 15 градус болып тұр.
«Мәселен, Қазығұрт ауданында 14, Жетісай ауданында 12 жылықты көрсетіп тұр. Әдетте мұндай температура оңтүстік өңірде күн суытардың алдында болады. Ертең түске дейін Шымкентте 11 12 градус болып, секундына 23-25 метр жылдамдықпен қатты жел тұрады. Түркістан облысы аумағында да қатты жел тұрып, түс ауа жаңбыр жауады деп болжануда. Ауа температурасы -2 -4 градусқа дейін суытады. Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні қар жауып, 20-22 қаңтар аралығында -3 -8 кей жерлерде -11-16 градусқа дейін аяз болады»,- дейді Әсия Қыдырбаева.
Сала мамандарының сөзінше, мұндай температура оңтүстік өңірде қалыпты жағдай. Бірақ басқа аймақтармен салыстырғанда қыс мезгіліне жылы (аномальный) саналады. Ал, қаңтар айындағы ең жылы температура 16 градус болды.