Ауқымды шара 7 қараша күні өтеді. Оған жүздеген қазақстандық және шетелдік бизнесмен қатысады. Шетелдік қонақтар 15 елден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Германия, Чехия, Италия, Малайзия, Қытай мен басқа да елдерден келеді деп күтіліп отыр. «Біз Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты ірі қаржы институттарының бірінші басшылары келеді деп күтудеміз», - дейді «Шымкент-инновациялар» өкілі Баян Қаюпова. Форум «Көрме» көрме орталығында өтеді. Бұл алаңды ұйымдастырушылар аймақта халықаралық форумдарды өткізуге арналған тамаша орын деп санайды. Ауқымды кездесуде ЕЭАО аясындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер жайлы сөз қозғалады. Бұл шетелдік инвесторлар, қазақстандық бизнес пен мемлекетік органдар арасындағы өзара келелі келіссөз алаңы болады. Форум аясында Еуразиялық экономикалық одақты құруды ескерумен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ол отандық және шетелдік қаржыны тартуы тиіс. Сондай-ақ ҮИИД МБ-ның алғашқы бесжылдығының аясындағы елдің индустриалды-инновациялық дамуы қорытындыланып, бағдарламаның екінші бесжылдығы таныстырылады.
20:56, 04 Қараша 2014
15 елден келетін 250-ден астам шетелдік кәсіпкер Шымкенттегі форумда бас қосады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 250-ден астам шетелдік кәсіпкер Шымкентте өтетін форумға қатысады.