Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады.