АСТАНА
9.30 ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында ІІ республикалық форум өтеді. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.
10.00 ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық жұмыс мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Баяндама жасайтын Әділет Министрі Марат Бекетаев.
15.00 Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясының саяси сараптама және стратегиялық зерттеулер орталығының «Қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі: 2017 жыл қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
16.00 «HIGHVILL» тұрғын үй кешенінде «Заманауи спорт: саясат, бизнес және халықтарды біріктіру құралы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді. Жиын барысында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары: ресейлік және қазақстандық сарапшылардың пікірі талқыланады.
АЛМАТЫ
15.00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ активінің Елбасы Жолдауына арналған жиыны өтеді.